Жастар [бей] конференциясы

ZhasCamp: баспасөз хабарламасы

08.10.2015

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

08 қазан2015

ZhasCampжастар [бейресми] конференциясы алғаш рет

Шымкентте, Астанада және Ақтауда өтеді

10-11 қазанда Шымкентте жастар белсенділігінің мәселелеріне арналған алтыншы[бейресми]конференция ZhasCamp өткізіледі. ZhasCamp сондай-ақ 17-18 қазанда Астанада және 24-25 қазанда Ақтауда өткізіледі. Оған шамамен 500 жас азаматтар қатысады деп күтіледі.

ZhasCamp – қоғамдық бастамаларды және жауапты бизнесті талқылау және көтермелеу тақырыбына аналған тәуелсіз жастар алаңы. 2010 жылдан бері ол жыл сайын Алматыда өткізіліп келеді, осы жылы алғаш рет басқа үш қалада өткізілмек.

«Осы жылы ZhasCamp өз идеяларын, құндылықтарын және өнімдерін жастардың неғұрлым кең ауқымына жеткізу үшін кеңейе түсуде. Біздің бағдарлама оның сұраныстарына бағытталған: сауалнама: 17,3%  әлеуметтік желілер мен медианы дамытуды, 16,3% өздерінің әлеуметтік – экономикалық проблемаларын, 12%  қалаларды көркейту және дамыту мәселелерін талқылағысы келетінін көрсетті. Бұнымен қоса, 10,1% қауымдастықтарды дамытудағы бизнестің жауапкершілігі сияқты тақырыпты күтетінін, 9,9% – мемлекеттің жастармен жүргізетін жұмыстарын талқылауды қалайтынын, 9,1% – жастардың саясатқа қатысуын, 8,3%  табысты қоғамдық бастамаларды, 7,5%  адам құқығын талқылағылары келітінін білдірді», –дейді «Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі» ҚҚ-ның бас директоры Ирина Медникова.

Оқиға бағдарламасының негізгі екі нысанасы бар, олар: қоғамдық бастамалар және жауапты бизнес. «Қоғамдық бастамалар» блогінде қоғамдық шарттар, жастардың саясатқа қатысуы, қоғамдық кеңестер арқылы меммлекетпен өзара іс-қимыл, қалаларды көркейту, Ғаламтордағы ақпараттық соғыстар туралы мәселелер қозғалады. «Жауапты бизнес» блогінде жастар бизнестің корпоративтік жауапкершілігін, өндіруші салалардың айқындығын, отындық өндірушілерді қолдау және әлеуметтік стараптарды дамыту мәселелерін талқыға салады.

«ЕҚжЫҰ жастардың әлеуетін арттыруға және олардың саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардағы позицияларын күшейтуге бағытталған бағдарламаларға қолдау көрсетуді жалғастырады. Біз бұл жылы Қазақстанның Жастар ақпарттық қызметімен және басқа да серіктестермен бірге жастар үшін де, барлық қоғам үшін де көкейкесті тақырыптарды ашық талқылау, сондай-ақ нәтижелі, оның ішінде шетелдік идеялар мен тәжірибе алмасу дәстүрін жасғастыратынына сеніміміз мол бұл іс-шараны жүргізуге өз үлесімізді қосатынымға қуанамызZhasCamp жыл сайын қарқын алып келеді, ол өз географиясын, қатысушыларының санын және пікірталас тақырыптарын кеңейте отырып, неғұрлым көп дос пен серіктестер табуда. Бұл біз үшін зор қуаныш», – дейдіАстанадағы ЕҚжЫҰ басдарламалары кеңсесінің басшысы Посол Наталия Зарудна.

Ұйымдастырушылар үш қаланың бағдарламасына түрлі салалардан 50 сарапашы, олардың 10-ы Украина, Ресей, Польша, АҚШ және Қырғызстан атынан қатысатындықтан бейресми конференция белсенді кез келген жастағы және әрбір кәсіп иесіне қызықты болады деп атап көрсетеді. Бұнымен қоса, бағдарлама барысында 30 қазақстандық қоғамдық қайраткерлер мен сарапшылар сөз алады, олардың арасында Евгений Жовтис, Зәуреш Баталова, Светлана Ушакова, Джохар Өтебеков, Анна Кудиярова, Айнұр Абсеметова, Амангелді Шорманбаев бар. Сондай-ақ бағдарламада жастарға 5 мемлекеттік орган өкілдері қолдау көрсетеді, олардың ішінде Састөбе (ОҚО) ауылының әкімі Рахымжан Жаманқұлов, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Мейрам Бегентаев және Серік Оспанов және ОҚО-ның Кәсіпкерлер палатасының басшысы Асқар Абубакіров бар.

«ZhasCamp жастардың түрлі топтарының өкілдері кездесіп, тәжірибе алмасып, өздерінің көкейкесті проблемаларының шешімдерін бірлесіп табатын өз мәніндегі жалғыз алаң болып қала береді. Осы жылы ZhasCamp конференциясының өңірлерге шығатынына біз қуанамыз, өйткені 2 млн. астам жастар Қазақстан өңірлерінде тұрады ғой. Бүгінгі таңда Қормен қаржыландырылған 45% жоба өңірлерде жүзеге асырылуда. Біз жыл сайын өңірлік жобалар үлесі өсе түседі деп үміттенеміз», дейді Сорос-Қазақстан Қоры Басқармасының Төрағасы Антон Артемьев.

Бүгінде ZhasCamp [бейресми] конференциясына шамамен 1000 қатысушы тіркелді, олардың ішінде Қазақстанның әр түкпірінен 95 жасқа ұйымдастырушылармен қалалардың үшеуінің бірінде өтетін оқиғаға қатысу үшін жол-сапар гранты берілді.

Бұл жылы [бейресми] конференция бағдарламасында осы жылы Фридрих Эберт атындағы Қормен Қазақстанда жүргізілген «Қазақстан жастары» зерттеулерінің тұсаукесері өтеді.

«Жас буын әрқашан және әр уақытта да қоғамның қызықты және белсенді субъектісі болып табылады, олардың көзқарастары, пікірлері, мақсаттары ересек буын тарапынан үнемі түрлі эмоциялар мен әсерлерді туындауына себеп болады. Дегенмен, жоғары топта болатын қорқыныштарға қарамастан, жастар оң істерге бастама болады. Сондықтан Ф. Эберт атындағы Қор жастарды дамытуға бағытталған жобаларды белсенділікпен қолдайды, және жастарға бірнеше қатар проблемаларды шешуде көмектесуге тырысады. Осыған байланысты, Ф.Эберт атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігі Қор тарапынан қолдау көрсетілетін жастар жобаларының тиімділігін арттыру үшін Қазақстан жастары өмірінің түрлі аспектілерінде зерттеулер жүргізді», – дейді Қазақстандағы Ф.Эберт атындағы қор директоры Толғанай Үмбеталиева.

Сонымен қатар, «Жастар қоғамдық кеңестері; белсенділік пен тиімділік» және «Экологиялық тұтынушылыққа қарсы» тақырыбындағы пікірталастар бағдарламаның өзегі болады. Бірінші пікірталас шеңберінде Қазақстанның Жастар ақпараттық қызметі Қазақстаннның барлық қалаларындағы негізгі проблемалары жастар мен жастар ұйымдарының қажеттіліктерін қалыптастырудың күңгірттігі мен байланыссыздығы болып табылатын 16 жастар кеңестерінің қызметтері туралы сауалнама деректерін ұсынады.

Екінші пікірталас тұтынушылық және жастар айтарлықтай атсалысатын экологиялық өмір салтының жаңа құндылықтары: қажет емес сатып алулардан бас тарту, велосипед көлік түрін таңдау, қоқысқа жол бермеу және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарау проблемаларына арналады.

Іс-шараның толық бағдарламасымен сілтеме бойынша танысуға болады.

Оқиғаға 45 серіктестер мен демеушілер қолдау көрсетті.

Оқиғаның ұйымдастырушысы: Қазақстанның Жастар ақпараттық қызметі.

Бас серіктестер: Сорос-Қазахстан қоры, Қазақстандағы Фридрих Эберт атындағы қор, Астанадағы ЕҚжЫҰ бағдарламаларының кеңсесі.

Сыбайластар: Эко Маңғыстау, Ұлттық еріктілер желісі.

Негізгі серіктестер– өткізізу орындары: «Сәлем» әлеуметтік қалашығы, MULTISPACE Астана коворкингі, Маңғыстау туризм колледжі.

Шымкенттегі бизнес-сессия серіктесі: Оңтүстік Қазақстан облысының «Атамекен» Кәсіпкерлер Палатасы.

Серіктестер: Beeline брендімен «Кар-Тел» компаниясы, Pepsi, Пиала Ice Tea және Пиала Gold брендтерімен «RGBrands» компаниясы, «Lamoda» интернет-дүкені, «Mega Shymkent» сауда-ойын сауық орталығы, Мультимедиасервис, «Sun Cremo» кофеханасы, «Букводел» жарнама агенттігі, «Millennium» ағылшын тілінің мектебі, «Sunny Wind» баспаханасы, «REKLAMAMANIA», Сhocolife.me.

Шымкенттегі басты медиа серіктес: «TVK» Шымкент телеарнасы.

Медиа серіктестер: «Бизнес и власть» газеті мен Аnd.kz порталы, «Эксперт Казахстан» журналы, «Voxpopuli.kz» фоторепортаждар сайты, «Добрые вести» әлеуметтік порталы, Headline.kz ақпараттық-ойын сауық порталы, «Yvision» блог платформасы, «LOOK magazine» жылтыр журналы, «Новый регион» газеті, «informБЮРО» ақпараттық-талдау порталы, «Gazeta.kz» медиа-порталы, «Tumba.kz» газеті, «Радиоточка» медиапорталы.

Серіктестер (жастар ұйымдары): SOS Астана Балалар ауылы, Best for Kids, Жамбыл Жастары, Жастар салауатты өмір салты үшін, Қостанай облысының балалар мен жастар ұйымдарының қауымдастығы, Шығыс Қазақстан облысының балалар мен жастар ұйымдарының қауымдастығы, «ГЛОБУС» экологиялық-құқықтық бастама орталығы, Назарбаев Университетінің Студенттік үкіметі, Әлеуметтік-еріктілер орталығы, Құқықтық медиа-орталық, Жасампаздық Шығармашылық Инновациялық мүмкіншіліктер қауымдастығы.

Оқиға туралы нақты ақпаратты www.zhascamp.kz. сайтынан білуге болады.

Қосымша ақпарат:

Василина Ларина, медиа үйлестіруші: +7-705-266-42-25, vassilina7@gmail.com.

Ирина Медникова, ҚЖАҚ ҚҚ бас директоры: +7-701-741-90-04, irene.mednikova@gmail.com.

Благодарим за поддержку

Генеральные партнеры

Фонд Сорос-Казахстан
Фонд им. Фридриха Эберта

Партнеры

Almaty Management University
Narxoz University
KIMEP
KBTU Startup Incubator
Краудфандинговая платформа Starttime
️Impact Hub Almaty
Бизнес-инкубатор MOST
Виртуальные бизнес-инкубаторы для ВУЗов
Государственная юношеская библиотека имени Жамбыла
Коалиция нового поколения правозащитников
Казахстанское международное бюро по правам человека и соблюдению законности
ОФ "Правовой медиа-центр"
Центр исследования правовой политики
Astana IT University

Медиа-партнеры

Онлайн-издание «Бизнес&Власть»
️Медиа для активной молодежи «18+Идея»
YouTube show "1+1"  Динары Наумовой
Campus Media
Neupusti
Balmuzdaq.plus

Молодежные организации

Союз молодежи Казахстана
Adal Volunteer Club (AVC)
Молодёжный центр здоровья "НУРСАЛАУАТ" при МУ "ВКОЦФЗОЖ"
Общественный фонд "Civi"
Zhambyl Zhastary
Национальная волонтерская сеть