Жастар [бей] конференциясы

2019: Khan Academy Qazaq


Жоба авторы: Айсұлу Мақсотова
Қала: Нұр-Сұлтан
Басталған жылы: 2019
Өнім: білім беру платформасының қазақстандық нұсқасы

Khan Academy – әлемдегі бүкіл оқушыға тегін әрі сапалы білім беруді көздейді. Оның қазақша нұсқасы бар: Khan Academy Qazaq. Ол 2019 жылы студенттер бастамасымен университет қабырғасында іске қосылды. Әлеуметтік желіде ZhasCamp Accelerator бағдарламасы жайлы естіп, идеяны ұсынады. Жоба осындай бастамашыл топтарға әлеуметтік маңызды идеяларды іске асыру жолын арнайы тренинг және менторлар көмегімен үйретеді. Содан бері авторлар 2,5 миллион сөз, 650-ден аса видеодан тұратын контентті аударып, платформаның қазақша нұсқасын жасаған.

Khan Academy – 2005 жылы негізі қаланып, бүгінде әлемнің алпыстан аса тіліне аударылған оқу платформасы. Оның миссиясы – әлемнің кез келген жеріндегі әрбір адамға сапалы және тегін білім беру. Контенттің басым бөлігі жаратылыстану және техникалық бағытқа жататын математика, алгебра, биология, компьютерлік бағдарламау сияқты пәндерге арналған.   

Жоба қалай пайда болды?

Назарбаев университетінің бір топ студенті жиналып, осыдан үш жыл бұрын Khan Academy-дің қазақша нұсқасын жасауды ойластырған. Бастапқы кезде еш қаржылай көмек болмай, барлығы волонтерлік негізде жұмыс істеді. Жобаның негізін қалаушы ақтаулық Айсұлу Мақсотова қазақтілді оқушылардың әлемдік деңгейдегі сапалы білім алуын мақсат етті. Khan Acedemy-дің қазақша нұсқасын жасау үшін платформаның арнайы рұқсатын алды. Мұнан соң қызу жұмыс басталды. Айсұлу группаластарымен бірігіп университет жанында Khan Academy Qazaq клубын ашады. Мұнан соң досымен бірге ZhasCamp акселераторына өтінім жіберіп, шақырту алды. 

Оқу платформасы қалай жұмыс істейді?

Әр адамның дербес білім алуы (персонализированное обучение) – Khan Academy-дің негізгі принципінің бірі. Егер адам платформада тіркелгісі келмесе, ашық ресурс (open source) ретінде қолданып, сабақтарды қарай алады. Алайда оқудың жүйелі, ыңғайлы болуы үшін платформаға тіркеліп, жұмыс істеу маңызды. Мысалы, оқыған уақытыңыз бен көлеміңізге қарай сайт сізге «энергия» береді. Сондай-ақ, жобаның қазіргі жетекшісі Әсем Сарыбекова оқу жоспары көрініп тұратынын да айтты: 

«Сайтта міндетті түрде бір видеоны көрген соң тапсырма жасалады. Видеоны қарау ұзақтығына байланысты білім алушыны ынталандыру үшін энергиялық ұпайлар (energy points) беріліп отырады. Ал YouTube-те ондай бақылау жоқ. Сайтта видеоны реттілік бойынша ойнатады, бейнеден соң тапсырма болуы мүмкін. Биология, химия пәндерінде қосымша зерттеу материалы (мақала) да болуы мүмкін. Әр бөлімді аяқтаған соң арнайы өзін-өзі тексеру тесті болады». 

Қазір жобаның YouTube-те мыңнан аса жазылманы бар. Әсемнің айтуынша, жақсы түсіндірме үшін көптеген оқушы алғыс білдіріп жатады. Әзірге қазақша контенттің басым бөлігі мектеп оқушыларына арналған. Өйткені бұл жоба gap filler қызметін атқарады, яғни сабаққа қатыса алмаған немесе түпкілікті түсінбеген тақырыптарды қайтадан өтуге, сол алшақтықты толтыруға көмектеседі. Алайда жоғарыда айтып кеткендей, жас ерекшелігіне қарамастан, оны кез келген білім алушы қолдана алады. Жоғары математика тақырыптары да бар.     

Жобаның жетістіктері мен қазіргі нәтижесі

2020 жылдың қазанында құрылыс компаниясынан алғаш рет қаржылай қолдау алып, жоба жалғасын тапты. Әсем жобаның нәтижесін қысқаша айтып берді:  

«Содан бері 653 видеоны YouTube желісіне жүктедік. Компьютер ғылымы (Computer Science), бастауыш математика бағдарламаларын толығымен аударып салдық. Биология пәнінен Khan Academy-де үш жүзге жуық видео бар, бірақ маман тапшылығына байланысты тек 48 видеоны аяқтадық. Физикадан 49 бейне жүктелді».

Қазір Khan Academy Qazaq сайтының демо нұсқасы жұмыс істеп тұр. Сайттың демо нұсқасын ашпас бұрын, қазақтілді тәуелсіз сарапшының көмегімен контентті тексерістен өткізген. Команда алдағы уақытта толық нұсқаны іске қосу үшін барлық пәнді сапалы аударуға күш жұмсап жатыр. Бұл үшін олар Биология, Химия, Физика, Математикадағы пре алгебра, Алгебра негіздері, Алгебра-1 және Арифметика пәндерін толығымен аударуы тиіс.  

Үш жыл ішінде жобаға волонтерлікке үш жүздей өтінім келіп түскен. Контентті түгелдей солар аударады. Әсемнің айтуынша, қазір волонтер белсенділігі бәсеңдеген, дегенмен аптасына шамамен үш ерікті жұмыс істейді. 

Команда мүшелері мен оның қаржыландырушысы кім?  

Команда мүшелерінің басым бөлігі – жоғары курс студенттері. Топта он адам бар: алты видеомэйкер, қаржы, операция мен волонтерлер менеджері әрі жоба жетекшісі. Видеоөңдеушілердің бесеуі – ұстаздар, өйткені олардың видео жасауда біліктілігі жоғары. Барлық процесті төрт менеджер басқарса да, Әсемнің айтуынша, жобаны жүргізуде волонтерлердің рөлі өте жоғары:      

«Жобаны өз күшімізбен, қолдау іздеп, волонтерлердің арқасында алып келе жатырмыз. Жоба жай жүріп жатыр, бірақ оны бір деңгейге шығарғымыз келеді. Команда мүшелері өзгеріп, тұрақталды. Қазір біз гранттар ұтып алдық. Контент сапалы болуы үшін қызметкерлерге жалақы береміз».

Жоба қалай жалғасын тапты? 

Жоба жетекшілері бірнеше әлеуметтік грантқа өтінім жіберіп, ұтып алған. Соның ішінде, Назарбаев университеті жанындағы Social Development Fund әлеуметтік жобаларды қолдау қорынан - бес миллион теңге, АҚШ халықаралық даму агенттігі (USAID) қаржыландыратын SICA бағдарламасынан (Social Innovation in Central Asia) «Жыл бастамасы» номинациясымен - 15 мың доллар және Kazakhstan Growth Forum ұйымдастырған әлеуметтік жобалар байқауында «Үздік әлеуметтік жоба» атанып, 5 миллион теңге ұтып алған. 

Жобаның қазіргі мақсаты – аймақ мектептеріндегі кемі екі мың балаға платформа туралы, оны қалай пайдалануға болатыны түсіндірме жүргізу және олардың төрттен бірінің болсын тиімді білім алуы. Сондай-ақ компьютерлік бағдарлама, математика, биология, физика пәндерінің контентін қазақшаға аударып, платформаның толық нұсқасын іске қосу. 

Жоба жетекшілерінің пікірі 

2019 жылы жобаның сол кездегі жетекшісі Айсұлу ZhasCamp Accelerator ұйымдастырған тренингтерге қатысып, әлеуметтік желіні қалай жүргізуге болатыны және краудфандинг жайлы ақпарат алды. Мұнан соң жобаға менторлар қосылып, жұмыстың әрбір кезеңіне арнайы мамандар тауып берген

«ZhasCamp әлеуметтік жоба бастап жатқан барлық адамға пайдалы. Қажетті ақпарат пен өзге жастармен танысудан бөлек, жоба мұны іскеру асыру мүмкін екеніне сенім мен ынта береді». 

Благодарим за поддержку

Генеральные партнеры

Фонд Сорос-Казахстан
Фонд им. Фридриха Эберта

Партнеры

Almaty Management University
Narxoz University
KIMEP
KBTU Startup Incubator
Краудфандинговая платформа Starttime
️Impact Hub Almaty
Бизнес-инкубатор MOST
Виртуальные бизнес-инкубаторы для ВУЗов
Государственная юношеская библиотека имени Жамбыла
Коалиция нового поколения правозащитников
Казахстанское международное бюро по правам человека и соблюдению законности
ОФ "Правовой медиа-центр"
Центр исследования правовой политики
Astana IT University

Медиа-партнеры

Онлайн-издание «Бизнес&Власть»
️Медиа для активной молодежи «18+Идея»
YouTube show "1+1"  Динары Наумовой
Campus Media
Neupusti
Balmuzdaq.plus

Молодежные организации

Союз молодежи Казахстана
Adal Volunteer Club (AVC)
Молодёжный центр здоровья "НУРСАЛАУАТ" при МУ "ВКОЦФЗОЖ"
Общественный фонд "Civi"
Zhambyl Zhastary
Национальная волонтерская сеть